Batyr
collection

Топтаманы Батырхан Шөкенов атындағы Қоғамдық қор мен KazakhYuvelir бірлесіп шығарған. Топтама саксофонды жанына серік етіп, бүкіл әлемге соның үнімен тіл қатқан тұлғаға арналған.
Топтаманың өзегі — Батырханның қолынан түспей, естіген жанның жүрегін шымырлататын әуендер төгілткен Selmer альт-саксофоны. Біз аспаптың пішінін — шанағының иірімдерінен пернелеріне дейін — мұқият зерттеп, асыл тасты қалай ойнатуға боларын ұқтық. Сөйтіп, топтамаға бұрыннан саксофон пернелеріне салынып келе жатқан қара оникс пен седеп қосылды. Өз ішімізде оларды музыкалық тастар деп атаймыз — түртіп қалсаң әуен төгіле жөнелердей көрінеді.
Batyr — ақ және лимон түсті алтыннан жасалған шектеулі трансформер әшекей бұйымдар топтамасы. Оның геометриясына саксофонның пішіні негіз болса, дизайны ықшам да сұлу.

Бұл топтама — біздің тарихымызды аялай сақтамақ, шығармашылығының үні үзілмес ардақтыларымызға деген құрметімізді жеткізбек талпынысымыз.

Бұйымдардың бағасы олардың салмағына, материалына, сондай-ақ топтамасы мен ағымдағы ұсыныстарға байланысты өзгереді. Бағасы мен қолжетімділігін салондардан нақтылаңыздар.

Бізде Қазақстан бойынша 17 салон бар — жақын маңдағы дүкенді табу үшін төменде қалаңызды таңдаңыз.
Ынтымақтастық бойынша:
marketing@kazakhyuvelir.kz
En
©2024 KazakhYuvelir, All Right Reserved