Zere
collection

Қазақ тілінде «зере» сөзінің «алтын» және «парасат» деген мағынасы бар. Бұрында сөзінің салмағы бар, ел бірлігін нығайта алатын, ақылы мен сабыры қатар жүретін ел аналарын солай атаған. Абайдың әжесі, салт-дәстүрдің қазынасы — Зере әжеміздің рухы осы топтаманың әр нақышынан көрінеді.
Zere — KazakhYuvelir шығарған топтамалардың бірі де бірегейі. 80 жылдан бері ел мұрасын аялай сақтап келе жатқан брендтің өзіндей, ол да ондаған жылдарға ұласқан ұзақ жолда шыңдалып, әр кезеңде жаңа қыры ашыла берді. Сары түсті алтыннан жасалған алғашқы бұйымдардан бастап, ақ алтын мен гауһар тастардың үйлесімінен туған вариацияларға жетсе де, ол тереңнен тартар мән мен мінсіз шеберліктің нышаны болып келе жатыр.

Бұл әшекей уақытқа бағынбайды. Ол тек сіздің бейнеңізге әр қосып, дүниеге сіздің қуатыңыз, нәзіктігіңіз бен тереңдігіңізден сыр шертіп тұра береді.

Бұйымдардың бағасы олардың салмағына, материалына, сондай-ақ топтамасы мен ағымдағы ұсыныстарға байланысты өзгереді. Бағасы мен қолжетімділігін салондардан нақтылаңыздар.

Бізде Қазақстан бойынша 17 салон бар — жақын маңдағы дүкенді табу үшін төменде қалаңызды таңдаңыз.
Ынтымақтастық бойынша:
marketing@kazakhyuvelir.kz
En
©2024 KazakhYuvelir, All Right Reserved