Қазақ тілінде таңсәрі деп түн қараңғысы түрілген, алайда күн сәулесі әлі көрінбеген шақты айтады. Әшекей топтамасында сол бір талмау сезімді жұмсақ иілген нақыштар жеткізіп, түндігі түріліп, шексіз аспанды көрсеткен шаңырақтың ішіне салынған тастар күн мен түннің әр кезіне қарай өңі өзгеріп тұратын аспанның құбылма реңкін білдіреді.