Otau
collection

Үй төрт қабырғамен шектелмейді. Үй деген — қайда жүрсек те жанымыздан ажырамас жылу. Зергерлер қолынан қазақ киіз үйі пішінінде шыққан Otau бұйымдары — тарихтан сыр тартып, ұрпақтар арасын жалғап, әр бейнеге тереңнен мән дарытар бірегей әшекейлер.

Отау — көшпелі мәдениеттің өзегі, оның киелі ұясы, туған жерге тамыр тартып, одан қорған табудың нышаны.
Otau топтамасында осы мәндер айрықша нәзік нақышты дизайннан көрініс тапқан. Сырғалар, сақиналар мен алқалар киіз үйдің элементтеріне: шексіз көк аспан мен ұрпақтар жалғасының нышанындай шаңыраққа, үйдің іргесі, тас қамалындай керегеге, өткенді, қазіргі мен ертеңді жалғап тұрған өрнекті таспа — басқұрға ұқсайды.

Бұл әшекей көркіңізге көрік қосып, келбетіңізге әр беріп қана қоймай, адамның тамыры, үйі, әулеті мен ішкі қуатын да есіне салып тұрар тұмарыңызға айналады.

Бұйымдардың бағасы олардың салмағына, материалына, сондай-ақ топтамасы мен ағымдағы ұсыныстарға байланысты өзгереді. Бағасы мен қолжетімділігін салондардан нақтылаңыздар.

Бізде Қазақстан бойынша 17 салон бар — жақын маңдағы дүкенді табу үшін төменде қалаңызды таңдаңыз.
Ынтымақтастық бойынша:
marketing@kazakhyuvelir.kz
En
©2024 KazakhYuvelir, All Right Reserved