Batyr — ерлер мен әйелдерге арналған ақ және лимон түсті алтыннан жасалған зергерлік әшекейлердің шектеулі топтамасы.

Ол әйгілі әнші Батырхан Шөкеновтың құрметіне жасалып, оның негізгі музыкалық аспабы — саксофоннан шабытталған.
Топтама саксофонның негіздерін түсіну ұмтылысынан туды.
Біз саксофон пернелерінің екі негізгі түріне — Main Key мен Pearl Key-ге тоқталдық. Бұл аспап Батырдың өмірін толығымен көрсететін, ғажап музыка жазуға шабыттандырған шығармашылық үйлесімділік метафорасын білдіреді.
Әшекейлер асыл материалдар мен «музыкалық» тастардан жасалған.
Қара оникс пен седеп ендірілген ақ және лимон түсті алтын кездейсоқ таңдау емес — саксофон пернелерінде көбінесе сол тастар қолданылған.
Топтама негізгі үлгілерден, шармдардан және тұтас элементтерден тұрады.
Негізгі үлгілер ішінде жоғары сапалы сырғалар, алқа немесе білезік ретінде тағуға болатын шынжырлар мен жібек баулар бар. Шармдар — әмбебап үйлесімдер жасауға арналған қосымша элементтер. Оған қоса, топтамада жеңілгектер, сақиналар және білезіктер секілді тұтас элементтер бар.
Сіздің әшекейіңіз қиялыңызға қарай ерекше бола алады.
Топтамаға шексіз сәндеу нұсқалары бар трансформер-әшекейлер енді. Мысалы, негізгі сырғаларды аспалы шармдармен толықтыруға болады. Дәл осы шармдарды металдардың, тастардың және өлшемдердің бірегей үйлесімдерін жасау үшін шынжырларға, бауларға, алқалар мен білезіктерге қосуға болады.
Мәдениетіміз бен тарихымыз үшін осынау зор маңызы бар бренд — KazakhYuvelir-мен жұмыс істеу біз үшін үлкен мәртебе. Біз Батырдың мұрасымен тереңінен түсініп, мән-мағынасы мен құндылықтарына сүйене отырып жұмыс істеуге тырысамыз. Бұл тұрғыда саксофонды деконструкциялап, осынау таңғажайып әшекей бұйымдарды жасаған шығармашылық директор Әсел Әбілхамиттің тәсілдемесі мінсіз.
Наргиз Шөкенова, Қордың директоры
Батырхан Шөкенов атындағы Қормен ынтымақтастық — KazakhYuvelir үшін ерекше мақтаныш. Топтаманы жасауға бір жылдан астам уақыт кетті және бұл шығармашылық сапардың әрбір сәті біз үшін шын мәнінде ерекше және құрмет сезіміне толы болды. Біздің өндірісте альт-саксофонның өзі ұжым үшін негізгі референс және шабыт көзі ретінде сақтаулы тұрды.
Әсел Әбілхамит, KY шығармашылық директоры және дизайнері.
Made by playgrownd